ММА

Хабиб: Тони Фергюсонның деңгейі МакГрегор, Порье, Яквинталардан жоғары

Хабиб: Тони Фергюсонның деңгейі МакГрегор, Порье, Яквинталардан жоғары
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен алдағы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

«Менің ойымша, мен соңғы екі жылда төбелескен Барбоза, дос Аньос, Конор, Порье, Яквинталар Тони сияқты мықты емес. Сондықтан мен шынайы ынта-жігерімнің оянғанын толықтай сезініп отырмын.

Бұрын мен қарсыласыма қараған кезде: «Окей, мен бұл жігітті жеңе аламын» деп ойлайтынмын, алайда залдағы жаттығуымды әдеттегідей күштірек өткізуден танбадым. Енді бізді өте мықты қарсылас күтіп тұр. Біз қарсыласқа назарымызды толық аударамыз, бірақ бұл жолғы жекпе-жектің жөні бөлек. Бұрынғыдан да ауыр еңбек етуім керек. Менің ойымша, Тонидің деңгейі аталған жігіттерден.әлдеқайда жоғары. Оларға қарағанда қатігездеу көрінеді», - деді Нұрмагомедов.

Еске сала кетелік, ресейлік пен америкалық арасындағы жекпе-жек 18 сәуірде Бруклинде өтуі керек. Ал Хабиб пен Тонидің алғашқы кездесуі 6 наурызда ресми баспасөз конференциясында болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер