Қазақстанда жаңа футбол командасы құрылды

Қазақстанда жаңа футбол командасы құрылды

<span style="color: #000000;">Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші лигасына жаңа команда қосылды. Түркістан облысында құрылған команда «Темірлан» деп аталады.</span>

<span style="color: #000000;">Жаңа команда 2020 жылдың қаңтар айында құрылған. Шымкент қаласынан 40 шақырым қашықта орналасқан Ордабасы ауданы Темірлан елдімекені атынан жарыстарда бақ сынайды. Өз алаңындағы ойындарын да осы елдімекендегі Қажымұқан атындағы стадионда өткізеді. Алаңға 1000-ға жуық көрермен сыяды.</span>

<span style="color: #000000;">Клуб алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізді. 6 ойын ойнап, футболшыларды іріктеген. Келесі дайындықтарын 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында пысықтайды.</span>

<span style="color: #000000;">Жаңадан құрылған «Темірлан» командасын 64 жастағы қазақстандық маман Шайзидин Кенжебаев жаттықтырады. Фанас Салимов пен Рахматулла Жакудаев көмекшілері қызметіне тағайындалған. Жалпы команда Түркістан облысындағы жас ойыншылардан құралған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или