Ибрагим Магомадов Азия біріншілігінде күміс жүлде еншіледі

Күрес түрлерінен Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты.
<span> 72 келіде белдескен Ибрагим Магомадов ақтық сынға жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, алтын үшін өткен белдесуде Ибрагим ирандық қарсыласы Амин Явар Кавянинежадтан ұтылды. </span>
<span>Ирандық спортшы мерзімінен бұрын, 8:0 есебімен жеңіске жетті. </span>
<span>Айта кетелік, бұл Азия чемпионатындағы Қазақстан командасының бесінші жүлдесі. Бұған дейін Тамерлан Шадукаев (77 келі) чемпион атанса, Хорлан Жақанша (55 келі), Азамат Күстібаев (87 келі) және Мансұр Шадукаевтар (130 келі) қола медальға қол жеткізген. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или