Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар алғашқы алтынын еншіледi.
77 келіде белдескен Тамерлан Шадукаев құрлық додасында топ жарды. Финалда Тамерлан ирандық Педжман Поштамды 10:1 есебімен, мерзімінен бұрын жеңді. Бұл Тамерланның ересектер сапындағы алғашқы алтын медалі.
Бұған дейін ол жастар арасындағы әлем чемпионатының қоласына иелік еткен болатын.
Айта кетелік, биылғы Азия чемпионатында Қазақстан командасы екінші медалін еншіледі. Бүгін Хорлан Жақанша үздік үштікке енген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или