Серік Сәлменов дзюдодан Еуропа кубогының жүлдегері атанды

Австрияның Оберварт қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Серік Сәлменов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
<span>100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан кіші финалда швейцариялық Имала Оттоны жеңді. Жарыс барысында ол барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Тек жартылай финалда Бразилия өкілі Рафаель Бузакариниге есе жіберді. Айта кетерлігі, Обервартта өткен Еуропа кубогін Қазақстан құрамасы екі қола жүлдемен аяқтады. Жарыстың бірінші күнінде Қанат Сейілхан (60 кг) қола жүлдені қоржынға салған еді. </span><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или