«Барыс» Мәскеуде ЦСКА-ны жеңді

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында Мәскеуде көшбасшы ЦСКА-мен кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Ресейлік команда ойын алдында фаворит болып саналғанымен, қазақ командасының асығы алшысынан түсті. «Барыс» қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Осымен «Барыс» ҚХЛ-да қатарынан бесінші ойында жеңіске жетті.
Шығыс конференциясында «Барыс» 77 ұпаймен үшінші орында тұр.
15 ақпан күні елордада «Барыс» «Сочиді» қабылдайды.
ЦСКА (Мәскеу, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)

Шайбы соққандар:
1:0 — 12:08 Толчинский (Вей, Марченко)
1:1 — 18:19 Найт (Метальников, Пакаринен)
1:2 — 35:49 Виделль (Найт, Охтамаа)
2:2 — 48:11 Дальбек (Вей, Робинсон)
2:3 — 52:47 Диц (Найт, Виделль)

Қақпашылар: Сорокин — Паскуале