Paris Grand Slam: Ислам Бозбаев үшінші айналымда ұтылды

Paris Grand Slam: Ислам Бозбаев үшінші айналымда ұтылды

<span>Бүгін Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі мәресіне жетеді. Соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалды деп хабарлайды Olympic.kz.  </span>

<span>90 келіде белдескен Ислам Бозбаев үшінші айналымда қарсыласқа есе жіберді. Ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Бозбаев польшалық Петр Кучерадан "ваззари" ұпайымен ұтылды.</span>

<span>Сондай-ақ, бүгін татамиге шыққан Дидар Хамза (81 келі), Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбайдың (+100) келі жеңіліске ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. </span>

<span> Еске сала кетейік, кеше Елдос Сметов (60 келі) қола жүлдегер атанса, Жансай Смағұлов (73 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или