Дзюдо

Paris Grand Slam: Серікжанов жарақатына байланысты турнирге қатыспайды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Парижде (Франция) дзюдодан Grand Slam жарысы басталады. Жарыстың бірінші күнінде ерлер 60, 66, 73 келі, әйелдер 48, 52, 57, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар өзара мықтыны анықтайды. 66 келіге дейінгі салмақта тіркелген қазақстандық Ерлан Серікжанов жарысқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның себебін Olympic.kz сайтына ұлттық құрама бас бапкері Айдын Смағұлов түсіндірді. "Ерлан Серікжанов жарыс алдындағы жаттығу барысында жарақат алуына байланысты бүгін күреспейді. Ұлттық құрама бапкерлері мен дәрігерлер ақылдаса отырып, осындай шешімге келдік. Мұндай шешім денсаулығына зиян келтірмес үшін және спортшымыздың алдағы маңызды рейтингілік ірі жарыстарға жарақатсыз қатысуы үшін қабылданды", - дейді ұлттық құрама бас бапкері Айдын Смағұлов. Қазақстан құрама сапынан бүгін татамиге Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұмақанов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Бекәділ Шаймерденов (73 кг) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг), Ақмарал Науатбек (48 кг), Анна Казюлина (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг) шығады. Жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер