«Үлкен Дулыға» турнирінің тікелей трансляциясы
Парижде 8 және 9 ақпанда өтетін дзюдодан «Үлкен Дулыға» санатындағы халықаралық турнирдің бірінші күнінде ерлер 60, 66 және 73 кг салмақ дәрежелері бойынша, ал әйелдер 48, 52, 57 және 63 кг дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлделерге таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.
8 ақпанда Франция астанасында Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев (екеуі де 60 келіге дейін), Елдос Жұмақанов (66 келіге дейін), Жансай Смағұлов пен Бекаділ Шаймерденов (екеуі де 73 келіге дейін) татамиге шығады. Жарыстың әйелдер бөлімінде Отгонцэцэг Галбадрах, Ақмарал Науатбек (екеуі де 48 келіге дейін), Анна Казюлина (52 келіге дейін) және Севара Нишанбаева (57 келіге дейін) шығады.
Турнирдің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 12:50-де, ақтық белдесулер 22:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или