Қазақ күресі

Айбек Нұғымаров Абай меройтойында қазақ күресінен халықаралық жарыс өткізуді ұсынды

news-banner7
mobile-news-top

Екі дүркін Әлем барысы Айбек Нұғымаров Абайдың 175 жылдығында қазақ күресінен халықаралық жарыс өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында 14-16 тамыз аралығында ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді. Соған қазақ күресінен халықаралық жарысты қоссақ па деймін. Қазірдің өзінде бұл додаға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресей елдерінің палуандары қатысуға ниет білдіріп отыр», - деді Айбек Нұғымаров облыс әкімдігінде өткен жиын барысында.

Оның бұл ұсынысына аймақ басшысы Даниал Ахметов бірден қолдау білдірді.

«Өте жақсы бастама. Қолдаймын. Бұл жарысты өткізу үшін тиісті қаражат бөлеміз», - деді облыс әкімі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер