Күрес

Әйелдер күресі Мәдина Бақбергенова: Азиядағы қарсыластардың деңгейі жоғары

news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы елордада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Нұрлан Аманқосов жаттықтыратын команда мүшелері Үндістанда өтетін Азия біріншілігіне дайындалуда. Olympic.kz сайтына сұхбат берген Мәдина Бақбергенова спортшылар алдындағы басты міндетті атады.

"Азия чемпионатына команданың екінші нөмірлі спортшылары аттанады. Сондай-ақ, әлем чемпионатында лицензия ұтып алған екі балуанымыз да Нью-Делидегі турнирде күреседі. Ал Олимпиада бағдарламасына енетін төрт салмақ дәрежесінде жолдамамыз жоқ. Сол себепті, бірінші нөмірлі төрт спортшы лицензиялық турнирге қатысады. Мен үшін бұл кезекті Азия біріншілігі. Қазір құрлықтағы спортшылардың деңгейі өскен. Қытай мен Жапониядан бөлек, Үндістан, Қырғызстан, Моңғолия құрамалары да мықты саналады. Біздің де деңгейіміз жаман емес. Алдымызға қойылған басты мақсат - турнирде сәтті өнер көрсету. Рейтингілік ұпайлар жинау үшін барымызды саламыз", - дейді Мадина.

Айта кетелік, әйелдер күресінен команда бас бапкері Үндістандағы Азия чемпионатына қатысатын балуандар тізімін жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер