Бокс

Альварес пен Муратаның жекпе-жегі өтуі мүмкін

Альварес пен Муратаның жекпе-жегі өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

WBC Franchise және орта салмақта WBA тұжырымының супер чемпионы Сауль Альварес келесі жекпе-жегін өз салмағында өткізе алады. «Канелоның» 23 мамырда WBA тұрақты әлем чемпионы Риото Муратамен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі жоғары, деп хабарлайды Prosports.kz Boxingnews24 порталына сілтеме жасап.

Бұл кездесу Саитама (Жапония) қаласында өтуі мүмкін. Сауль мен Мурата арасындағы жекпе-жек 24 мамырда өтеді.

Альварестің Қиыр Шығыстағы өнер көрсетуі DAZN стримингтік компаниясының Азия нарығындағы ықпалының күшеюіне өте қолайлы болмақ.

Еске сала кетелік, Сауль Альварес соңғы кездесуін 2019 жылдың қараша айында өткізген болатын. Ол ресейлік Сергей Ковалевпен кездесіп, нокаутпен жеңді. Осылайша, «Канело» жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер