Исламхан: Бұл – «Реалға» күш көрсеткен клуб
![Исламхан: Бұл – «Реалға» күш көрсеткен клуб](https://prosports.kz/upload/news/content/472_8939de4bf7226cffd34bee96a8d4b30c.jpg?v=28671753)
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатында ойнайтын «Аль-Айн» командасына ауысуы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Аль-Айнның» жейдесін кигеніме қуаныштымын. Клуб эмблемасы үшін күресу керек екенін түсінемін. Клубтың барлық мақсатына жетуі үшін және фанаттарды қуанту үшін бар күшімді саламын.
Бұл клубтың мәртебесі мен құндылығын білемін. «Аль-Айн» әлемге танымал. Бұл – 2018 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Реалға» күш көрсеткен клуб. Сондай-ақ ол БАӘ чемпионатында топ жарып, Азия Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен өз еліндегі алғашқы клуб», - деді Исламхан.