Басқа

Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза тапты

Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза тапты
news-banner7
mobile-news-top

Әйгілі баскетболшы, NBA-ның бес дүркін чемпионы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза болды, деп хабарлайды Prosports.kz TMZ-ге сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, қайғылы жағдай Калифорниядағы Калабасас қаласында болған. Басылымның мәліметінше, тікұшақтың құлауы салдарынан ондағы адамдардың бәрі қаза тапқан. Құлағаннан кейін тікұшақ отқа оранды. Апат болған жерге құтқару қызметі келді, бірақ ешкім құтқарылмаған. Сондай-ақ, бортта Кобидің әйелі Ванессаның болмағандығы айтылады. Бірақ бортта Брайанттың 13 жастағы қызы болған.

Тікұшақтың құлау себептері анықталуда. Лос-Анджелес полициясы тікұшақ құлаған жерден түсірілген фотосуреттер жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер