Күрес

Қазақстан қыздар құрамасы Ресейде өткен турнирде үш медаль жеңіп алды

Қазақстан қыздар құрамасы Ресейде өткен турнирде үш медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан еркін және әйелдер күресінен «Иван Ярыгин» Гран-при турнирінде Қазақстан қоржыны екі жүлдемен толықты.

72 келіде белдескен Жәмила Бақбергенова финалда Ресей балуанынан ұтылып, рейтингілік турнирдің күміс медаліне қол жеткізді.

76 келідегі Гүлмарал Еркебаева қола жүлде үшін өткен кездесуде ресейлік қарсыласын жеңіп, үздік үштікке енді.

Бұған дейін Қазақстан сапынан Мәдина Бақбергенова қола жүлдегер атанған болатын. Осылайша, Нұрлан Аманқосов жаттықтыратын Қазақстан әйелдер құрамасы аталған турнирді үш медальмен аяқтады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер