Әлем футболы

«Зальцбург» - «Зенит» матчын қайдан тамашалауға болады

«Зальцбург» - «Зенит» матчын қайдан тамашалауға болады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан мен Ресейдің футбол мамандары, қала берді жанкүйерлері «Зальцбург» пен «Зенит» арасындағы жолдастық кездесуді асыға күтіп жүргені белгілі. Неше күннен бері ел назарын өзіне аударып жүрген қазақстандық талант Бауыржан Исламханның сыналатын күні бүгін, деп жазады Prosports.kz.

Бүгінгі матчтың ерекше форматта өтетіні кеше белгілі болды. Қос тарап қаралымда жүрген ойыншыларды түгел сынайын деді ме, 40 минуттан 3 таймдық матч өткізуге бел байлапты.

Қатарда бейтарап алаңда өтетін ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19.00-де басталады. Матчты Youtube желісіндегі «Зенит ТВ» арнасы тікелей эфирде көрсетуге уәде беріп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер