Ресейлік БАҚ Исламханның алғашқы ойынына талдау жасады

Ресейлік БАҚ Исламханның алғашқы ойынына талдау жасады
news-banner7
mobile-news-top

«Санкт-Петербургские ведомости» журналисі Леонид Романович қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның «Зенит» құрамындағы алғашқы жолдастық матчындағы ойынына талдау жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Екінші таймның маңызды оқиғасы Бауыржан Исламханның алаңға шығуы болды. Көрермендер қазақстандық жұлдыздың керемет ойынына куә болған жоқ, дегенмен тұтастай алғанда ол тәп-тәуір ойнады. Мысалы, Сердар Азмунға тамаша пас беріп, оның гол соғуын қамтамасыз етті. Матчтың соңына қарай Исламхан сәл артқа жылжып, ортаға қарай ойысты, алайда ол оның позициясы емес еді. Ол жақта нашарлау ойнады, - деп жазады тілші.

Еске сала кетелік , Бауыржан Исламхан Санкт-Петербург командасының бақылау матчының екінші жартысында Катар Аль-Увайнахқа қарсы ойнады. Матч 10: 0 есебімен аяқталды, қазақстандық футболшы бұл ойында екі нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер