Бокс

Инсайдер: «Канело» келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізеді

Инсайдер: «Канело» келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Sports Illustrated инсайдері Крис Мэнникстің айтуынша, орта салмақтағы WBA супер чемпионы мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 KO) келесі айқаста орта салмақтағы WBA тұрақты титулының иегері жапониялық Риото Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы тұруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мэнникс Twitter желісіндегі парақшасында «Канело» Альварес пен Риото Мурата өкілдері Жапонияда «Канело» мен Мурата арасындағы жекпе-жек өткізу үшін маңызды келіссөздерге отыруы мүмкін. Себебі, Мурата - орта салмақтағы екінші дәрежелі титул иегері. Ал «Канело» Жапонияда жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі 2 мамыр делінген, ол Мексиканың «Синко де Майо» мерекесі қарсаңында өтеді деп жоспарланған. Егер «Канело» - Мурата Жапонияда өтетін болса, онда ол жергілікті уақытта 3 мамырда, ал АҚШ пен Мексикада - 2 мамырдың кешінде өтеді.

Кейінірек Мэнникс Мурата - «Канеломен» жекпе-жектің үш үміткерінің бірі, бірақ жапониялық боксшының өз отанында аса танымал екендігі және оның «Канеломен» жекпе-жегі 50 мыңнан астам жанкүйер жинай алатындығын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер