Демеу Жадыраев: Мақсатым - әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғау

Демеу Жадыраев: Мақсатым - әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғау

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Францияның Ницца қаласында өткен Гран-при турнирінде топ жарды. 77 келіде сынға түскен ол елордадағы әлем чемпионатынан кейін алғаш рет кілемге шығып отыр. Балуанның айтуынша, Франциядағы дода кіл мықтылардың басын қосты.

<span>– Гран-при турнирінде жалпы есебі төрт белдесу өткіздім. Алғашқы айналымда грузин балуанымен кездесіп, 7:7 есебімен тең түскен едім. Төрешілер соңғы ұпайды иеленгенім үшін жеңісті маған берді. Екінші айналымда Әзірбайжан өкілін 7:1 есебімен ұтып, жартылай финалда тағы бір грузиялық балуанды ұттым. Финалда Армения өкілін 5:2 есебімен жеңіп, маусымды сәтті бастап отырмын. Турнирде қызықты белдесулер көп болды. Оның үстіне, бұл жолы мен олимпиадалық салмақ - 77 келіде күрестім. </span>

<span>Естеріңізде болса, Конфедерация кубогінде екі жыл қатарынан осы салмақта сынға түскен едім. Енді әлемдік деңгейде бақ сынап көрмекпін. Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатын жанкүйерлер әлі ұмыта қоймаған шығар. Аталған дода мен үшін сәтсіз аяқталды. Бар өнерімді көрсете алмадым. Сол жарыстан соң кілемге оралып, қайтадан қалпыма келу оңай болған жоқ. </span>

<span>Дегенмен уақыт өтіп жатыр. Спорт жеңіс пен жеңілістерден құралады. Ол шақты қайта әкеле алмаймын. Сондықтан, бар күшімді жиып, жаңа маусымды бастадым. Менің мақсатым - әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғау, - дейді Демеу Жадыраев ҰОК баспасөз қызметіне. </span>

<span>Айта кетейік, Демеу Жадыраев 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или