Ресейлік БАҚ: «Зенит» Исламханмен келісімшарт жасасуы тиіс

Ресейлік БАҚ: «Зенит» Исламханмен келісімшарт жасасуы тиіс
news-banner7
mobile-news-top

Sport24 порталы Санкт-Петербургтің «Зенитін» қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханмен келісімшарт жасасуға итермелейтін үш себепті атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біріншіден, санктпетербургтік команда орталық шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнай алатын адамды іздеп келеді. Данни кеткен соң, Зенит оны алмастыратын адамды таба алмады.

Екіншіден, Бауыржанға ақы төлеудің қажеті жоқ. Егер оның ойыны Сергей Семактың жаттықтырушылар құрамын қанағаттандыратын болса, онда ол «Зенитке» еркін агент ретінде барады. Бұл дегеніміз, зениттіктерге бұл жағдайда қаржылық фэйр плэй жағынан маневр жасауға мүмкіндік болады.

Үшіншіден, ол ЕурАзЭҚ-қа мүше елдің өкілі ретінде жаңа маусымнан бастап легионер болып саналмайды. Бұл, бәлкім, ең маңызды фактор, өйткені 2020 жылдың жазынан бастап ресейлік командалар құрамына тек 8 легионер ғана қоса алады», - деп жазады портал.

Еске салайық, 26 жастағы футболшы бұған дейін Санкт-Петербург командасының Қатардағы оқу-жаттығу жиынына қосылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер