Бокс

Сауль Альварес BWAA нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік боксшысы атанды

Сауль Альварес BWAA нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік боксшысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Жыл сайынғы «Жыл боксшысы» номинациясында америкалық бокс журналистері қауымдастығының (BWAA) нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысының есімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe сайтына сілтеме жасап.

2019 жылдың қорытындысы бойынша мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Канело Альварес үздік атанды. Спортшы былтыр рингте екі жекпе-жек өткізді: америкалық Даниэль Джейкобс пен ресейлік Сергей Ковалев те Альварестен таяқ жеді.

Айта кетелік, Альварес бұған дейін The Ring, ESPN, Sports Illustrated және басқа да беделді басылымдардың нұсқасы бойынша осыған ұқсас номинацияларды жеңіп алған еді.

Мексикалықтар бұл марапатты 32 жыл бойы күтті. Бұған дейін үлкен Хулио Сезар Чавес марапатталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер