Хоккей

«Барыс» тартысты матчта «Металлургті» жеңді

«Барыс» тартысты матчта «Металлургті» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында «Барыс» өз мұз айдынында Магнитогорскінің «Металлургімен» матч өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы жиырма минуттықта командалар қақпа кілтін таба алмады. Екінші кезеңде Андрей Скабелка жігіттері екі шайбы соқты. Линус Виделль есепті ашса, команда капитаны Даррен Диц есепті еселеді. Алайда, үзіліс алдында қонақтар таблодағы көрсеткішті қысқартты.

Соңғы, шешуші кезеңде Корбэн Найт пен Роман Старченко мергендік танытып, есепті 4:1-ге жеткізген еді. Бірақ қонақтар матч соңында екі шайбы соғып, «Барыс Аренаға» жиналған жанкүйерлерді қобалжытты. Олардың қуанышына орай, қазақстандық команда жеңісті есепті сақтап қалды.

21 қаңтарда «Барыс» қонақта финляндиялық «Йокеритпен» ойнайды.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Металлург» (Магнитогорск, Ресей) 4:3 (0:0, 2:1, 2:2)

Шайбы соққандар:

1:0 — 29:16 Виделль (Старченко)
2:0 — 34:55 Диц (Маклюков)
2:1 — 39:37 Нестрашил (О’Делл, Расмуссен)
3:1 — 42:32 Найт
4:1 — 45:25 Старченко (Найт, Виделль)
4:2 — 48:14 Нестрашил (Антипин, Филиппи)
4:3 — 56:41 Антипин

Қақпашылар: Паскуале — Кошечкин 00:00-45:25, Демченко 45:25-60:00

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер