Биыл елімізде дзюдодан 6 чемпионат өтеді
2020 жылы өткізілетін дзюдодан Қазақстан чемпионаттарының мерзімі белгіленді.
Биыл күнтізбе бойынша барлығы 6 ел біріншілігі өткізіледі 6-11 ақпан күндері Қостанай қаласында дзюдодан 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады.
4-9 наурыз күндері Тараз қаласында 2000-2002 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өткізіледі.
27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты болады.
1-6 мамыр күндері Орал қаласында дзюдодан 2004-2005 жылдары туған спорт-интернат оқушылары арасындағы Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады. 17-20 маусым күндері Түркістан облысы, Шардара қаласында дзюдодан 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өткізіледі.
3- 8 қараша күндері Атырау қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.