«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Бельгия чемпионатында доп тебеді

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Бельгия чемпионатында доп тебеді

Соңғы бір жарым жыл бойы «Қайрат» сапында өнер көрсеткен венгриялық шабуылшы Мартон Эппель мансабын Бельгияда жалғастырды, деп жазады Prosports.kz.

Эппель Бельгия чемпионатының жоғарғы дивизионында бақ сынайтын «Серкль Брюгге» командасының жейдесін киді. Бұл команда қазіргі таңда 21 турдан кейін 11 ұпай жинап, 16-шы орында тұр.

Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, Эппель жаңа командасымен ағымдағы маусымның соңына дейін жарамды келісімшарт жасасқан.

Еске сала кетейік, 28 жастағы Мартон Эппель «Қайратқа» 2018 жылдың жазында келді. Қазақстан чемпионатында шабуылшы 41 матч өткізіп, 19 гол соққан. 

Transfermarkt порталы ойыншыны 1 миллион 700 мың еуроға бағалайды. Алайда ол «Қайраттан» «Серкль Брюгге» командасына тегін ауысты. Өйткені ол алматылық клубпен келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде кеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или