Басқа

Олимпиада ойындары Қазақстандық атлеттер ХОК президентімен кездесуге қатысты

news-banner7
mobile-news-top

Лозаннадағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах жас атлеттермен кездесті деп хабарлайды Olympic.kz.

Атлетикалық ауылға арнайы барған ХОК басшысы Олимпиадаға қатысушылармен, оның ішінде, қазақстандық спортшылармен аз-кем тілдесті. Кездесу ХОК-тің «Чемпиондармен әңгіме» бағдарламасы аясында өтті. Жиында спортшылар өздері үлгі тұтатын олимпиадашылармен кездесіп, олардан табысты спортшы болудың құпиясы туралы сұрады.

Семсерлесуден 1976 жылғы Монреаль Олимпиадасында жеңімпаз атанған ХОК басшысынан бөлек, шаңғымен жарысудан Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы Киккан Рэндалл, суперкомбинациядан Сочи Олимпиадасының чемпионы Сандро Вилетта және хоккейден Нагано және Ванкувер Олимпиадаларының жүлдегері Эмма Терхо қатысты.

Біздің атлеттер танымал спортшыларға сұрақ құйып, пікір алмасты. Мәселен, биатлоншы Влада Васильченко Томас Бахқа: «Мотивацияңыз жоғалса оны қайдан аласыз?» деген сұрақ қойды.

«Спортшы кезімде мен жаттықтырушымнан немесе командалас достарымнан мотивация алатынмын. Егер сіз бір командада жаттығатын болсаңыз, бір спортшылардың еңсесі түскенде, екіншілері рухтандырып, жігер береді. Бапкерің де қолдау көрсеткен соң, тез арада қатарға қосыласың. Сол себепті, айналаңдағы командаластарың да бапкер сынды өте маңызды адам», - дейді Бах.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер