Басқа

Олимпиада жүлдегері атанған жалғыз ирандық спортшы қыз елден кетіп қалды

Олимпиада жүлдегері атанған жалғыз ирандық спортшы қыз елден кетіп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Иран тарихында Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған жалғыз спортшы қыз елден саяси себептермен кетіп қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Nur.kz порталы жазды.

21 жастағы Кимия Ализаде 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында тхэквондадан қола жүлде алған.

Ол өзінің шешімі жайлы Instagram желісінде жариялады.

"Неден бастауыма болады? Сәлемдесуден бе, қоштасудан ба әлде көңіл айтудан ба?",- деп жазды спортшы.

Ализаде өзін "Иранда қаналған миллиондаған әйелдің бірі" деп есептейді. Бойжеткеннің сөзінше, ол Иранды әлемдік аренада таныстырғанда еркіндік сезіне алмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер