Басқа

Каратеден Чилидегі премьер-лига турниріне қатысатын Қазақстан командасы анықталды

Каратеден Чилидегі премьер-лига турниріне қатысатын Қазақстан командасы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

10 қаңтар күні Чилидің Сантьяго қаласында жаңа жылдағы алғашқы әлемдік турнир – А сериясындағы Премьер-лига турнирі басталады. Дүбірлі додаға 65 мемлекеттен 460 спортшы қатысады.

Чилидегі турнирде Қазақстан намысын 12 спортшы қорғайды.

Ерлер:

Дархан Асаділов, Қайсар Алпысбай, Еркінбек Байтөреев (60 келі), Дидар Әмірәлі, Асылбек Мұратов (67 келі), Ермек Айназаров (75 келі), Данияр Юлдашев, Игорь Чехмарев (84 келі).

Әйелдер: Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі), Гузалия Гафурова (61 келі), Софья Берульцева (+68 келі).

Рейтингілік турнир 10-12 қаңтар аралығында өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер