Дзюдошыларымыздың олимпиадалық рейтингтегі орны қандай?
23-25 қаңтар күні Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан биылғы маусымның шымылдығын түретін Гран-при турнирі басталады. Қазақстан командасы аталған сынға қарқынды дайындық жүргізіп жатыр.
Осы орайда отандық дзюдошылардың олимпиадалық рейтингтегі көрсеткішін назарларыңызға ұсынамыз:
60 келідегі Елдос Сметов олимпиадалық рейтингте үздік үштікті тұйықтап тұр. Ол жапониялық Нагаяма Рюю мен өзбекстандық Шарафуддин Луфтиллаевты алға жіберген. Ғұсман Қырғызбаев 8-ші орында.
66 келіде Ерлан Серікжанов 13-ші сатыда тұр. Ал Елдос Жұмақанов 20-шы орынға төмендеген.
73 келідегі Жансай Смағұлов 25-ші, 81 келідегі Дидар Хамза 29-шы орында. Осы салмақта сынға түсетін Руслан Мұсаев 49-шы сатыда.
90 келідегі Ислам Бозбаев 18-ші орында. Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев әзірге 35-ші орында тұр. Бөлісу