ММА

«Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» - Мендес Хабиб жайлы

«Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» - Мендес Хабиб жайлы
news-banner7
mobile-news-top

UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың жаттықтырушысы Хавьер Мендес дағыстандық пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы матчтың өту ықтималдылығын бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, Нурмагомедов 2018 жылдың қазан айында титулдық жекпе-жекте МакГрегорды төртінші раундта ауырсыну әдісін сәтті қолданып, жеңген болатын.

Мендеске қос спортшы арасындағы қарымта жекпе-жектің болуы туралы сұрақ қойылды.

«Білмеймін. Менің ойымша, кейбір адамдар бұл жекпе-жекті ұйымдастырғысы келеді, бірақ Хабиб - чемпион, сондықтан шарт қоятын сол. Бәрі соның қалауымен болуы тиіс. Дәл қазір Хабиб - босс.

Мен Хабибтің дайын болатынына кепілдік беремін. Ол жекпе-жекке ызалы түрде шығуы мүмкін, алайда ол спорттық мінезден туған ызалану. Мен оған сабырлы болуға кеңес беремін, себебі ызалы адам «күйіп кетуі» мүмкін, Конорға да керегі сол. Менің жұмысым осының бәрін қадағалау», деп жауап қатты Мендес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер