«Қайрат» қатарына Армения құрамасының футболшысы қосылуы мүмкін
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАрмян БАҚ-на сенсек, Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Камо Оганесян алматылық «Қайрат» сапын толықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кету керек, 27 жастағы футболшы бұған дейін екі маусымды талдықорғандық «Жетісу» сапында өткізген еді. Оганесян бұл команда жейдесін 58 матч өткізіп, 6 гол соқты.
2019 жылғы маусымда 5 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Еске сала кетейік, «Қайраттың» бұрынғы футболшысы Исламбек Қуат ресейлік «Оренбург» ойыншысы атанған еді.