Алматыда дәстүрлі V жаңажылдық марафоны өтті
<span>Баум тоғайында «Экстремалды атлетика» атты бесінші жаңажылдық Алматы марафоны өтті.</span>
<span>Жаңа жылдың алғашқы күнінде стартқа 1,5 мыңға жуық адам шықты. Дәстүр бойынша қатысушылардың көбі карнавалдық костюмдерін киді. Марафонның бас хатшысы Вадим Винокуровтың айтуынша, скандинавиялық жаяу жүруге 3 қашықтық берілді — 21, 42 және 7 шақырым. Жарысқа қатысқан барлық адамға медаль берілді. Сонымен қатар, марафонға трекинг жүйесіне қосылу арқылы Қазақстанның және әлемнің кез-келген басқа қаласынан қатысуға мүмкіндік болды. </span>
<span>«Марафон 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл жүгіруге 1,5 мың адам қатысты. 400-ге жуық адам әлемнің түкпір-түкпірінде жүгірді. Біздің ұранымыз: мағынасыз күнді мағынамен толтыру. Басты мақсат – халық арасында дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау», — деді В. Винокуров.</span>