МакГрегордың бапкері: 19 қаңтарда Конордың төбелесінен ләззат аласыздар
Екі салмақ дәрежесі бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегордың бапкері Джон Кавана ирландиялық америкалық аралас жекпе-жек шебері Дональд Серронмен жекпе-жекке дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
- 1 қаңтар күні Лас Вегас сапары алдында соңғы мықты спарринг болды. Шынымды айтсам, ең күшті Конорды көрдім. Алты ай бұрын бұның мүмкін болатынына сенімді емес едім. Сіздер жекпе-жектен ләззат аласыздар», - деп жазды Кавана өзінің Твиттерінде.
Jan 1st, last heavy spar today before going to Vegas. Can honestly say this is the best i've seen him and i wasn't sure that was possible to do 6 months ago. You guys are in for a real treat, i'm just glad to have a good seat! #UFC246
— Coach Kavanagh (@John_Kavanagh) 1 января 2020 г.
Еске салайық, 31 жастағы Макгрегор кәсіпқой ММА-да 21 жеңіске қол жеткізіп, төрт рет жеңілістің ащыдәмін татқан.
Ирландиялықтың ковбоймен жекпе-жегі 19 қаңтарда UFC 246-да өтеді.