Әлем чемпионаты: Ақмолалық палуан қыз қола жүлделі болды
<span>Ақмолалық палуан қыз Толғанай Әбеуова қазақ күресінен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </span>
<span>Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресінен 8-ші Әлем чемпионаты өткен. Жарысқа дүниежүзінің 28 елінен жиналған кілең мықты палуандар қатысып, күш сынасты. </span>
<span>«Ұлттық құрама сапында болған Степногор қаласындағы олимпиадалық резерв даярлайтын облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты-колледжінің тәрбиеленушісі Толғанай Әбеуова жақсы нәтиже көрсетті. Жерлесіміз боз кілемде бес белдесу өткізіп, жүлделі үшінші орын алды. Толғанай бапкері Асылбек Шахановтың жетекшілігімен жаттығады», - дейді ведомстводан. </span>
<span>Айта кету керек, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы құрылған 15 жылдың ішінде 52 елде федерациясын ашты.</span>