Қазақ күресі

Әлем чемпионаты: Ақмолалық палуан қыз қола жүлделі болды

Әлем чемпионаты: Ақмолалық палуан қыз қола жүлделі болды
news-banner7
mobile-news-top

Ақмолалық палуан қыз Толғанай Әбеуова қазақ күресінен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресінен 8-ші Әлем чемпионаты өткен. Жарысқа дүниежүзінің 28 елінен жиналған кілең мықты палуандар қатысып, күш сынасты.

«Ұлттық құрама сапында болған Степногор қаласындағы олимпиадалық резерв даярлайтын облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты-колледжінің тәрбиеленушісі Толғанай Әбеуова жақсы нәтиже көрсетті. Жерлесіміз боз кілемде бес белдесу өткізіп, жүлделі үшінші орын алды. Толғанай бапкері Асылбек Шахановтың жетекшілігімен жаттығады», - дейді ведомстводан.

Айта кету керек, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы құрылған 15 жылдың ішінде 52 елде федерациясын ашты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер