Хоккей

«Ақжайық» Қазаннан келген қарсыласын ойсырата ұтты

«Ақжайық» Қазаннан келген қарсыласын ойсырата ұтты

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Динамо-Қазан-2» клубын ойсырата ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл - Николай Шавалдин шәкірттерінің 2019-2020 жылғы маусымдағы «Жастар» стадионындағы алғашқы кездесуі еді.

«Ақжайық» сапындағы ресейлік легионер Максим Пахомов ерекше көзге түсіп, төрт голдың авторы атанды. Тағы бір ресейлік Александр Штеле мен Петр Грибанов қарсыластар қақпасына қос-қостан доп енгізді. 85-минутта Ершат Амангелдиев матчтың нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 9:0. Самат Аманшин де әріптестеріне үш мәрте нәтижелі пас шығарып берді.

Ертең командалар екінші кездесуін өткізеді.

Осы бәсекеден кейін 7 ұпай жинаған оралдықтар екінші топта қазандықтарды басып озып, алтыншы орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын допты хоккейден Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионатында бақ сынағанын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0