Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді, деп жазады Prosports.kz.
Ресейлік файтер бұл сапарында 25 желтоқсанда «Алматы Аренада» өтетін Gorilla Fighting Championship 23 турнирінің құрметті қонағы болады.
Инстаграм желісінде Қазақстан жастар құрамасының футболшысы Дінмұхамед Кашкен Нурмагомедовпен бірге түскен фотосурет жариялады. Онда «Алматы» геотагы белгіленген.
Хабиб Қазақстанға UFC жауынгерлері Зубайра Тухугов және Ислам Махачевпен бірге келді.
Айта кетейік, GFC 23 турнирі 25 желтоқсан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Дәурен Ермеков Артур Гусейновпен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или