Динара Сәдуақасова әлемдегі үздік 10 шахматшының қатарына енді

Динара Сәдуақасова әлемдегі үздік 10 шахматшының қатарына енді

Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшы әйелдің қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Тізім 2700chess.com онлайн рейтингі нәтижесінде анықталды. Сәдуақасова шахматтан он екінші әлем чемпионы, ресейлік гроссмейстер Александра Костениюк және блиц бойынша әлем чемпионы, грузин елінің тумасы Нана Дзагнидзені артта қалдырды. </span>

<span>Еске салайық, жиырма үш жастағы Динара Сәдуақасова - Қазақстан әйелдер командасының жетекшісі. Елордалық шахматшы сонымен қатар 2019 жылы Азия чемпионы, беделді Grand Swiss жеңімпазы, сонымен қатар 2500 ELO белгісінен өткен алғашқы қазақстандық шахматшы атанды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или