Еркін күрес

Бас бапкер алдағы маусым жоспарларымен бөлісті

news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев 2020 жылғы басты жоспарлармен бөлісті..

«Биылғы маусым өз мәресіне жетті. Енді біз өте жауапты кезең – Олимпиада жылына дайындалудамыз. 2020 жылдың қаңтарынан бастап спортшылар оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 15-18 қаңтар күндері Италиядағы рейтингілік турнирге қатысамыз. Азия чемпионатының өтетін мерзімі әлі де болса белгісіз. Ал 26-30 наурыз аралығында лицензиялық турнир бар. Осы сында біз қалған екі салмақтағы Олимпиада жолдамасын еншілеуде мақсат етіп отырмыз. Сәуір айына дейінгі нақты жоспарлар осы. Жылдың ең басты спорттық оқиғасы – Токиодағы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетуді жоспарлап отырмыз», - дейді бас бапкер.

Бұл күндері еркін күрестен Қазақстан командасы АІВА академиясында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер