Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

Елордада өткен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресінде Алик Шпекбаев аталған федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Конгреске әлемнің 27 елінен Қазақ күресі спортының өкілдер келді. Жиын барысында федерация басшысын сайлау мәселесі қаралған болатын. 27 мемлекет өкілінің бір ауыздан берген дауысымен федерациясының президенті болып Алик Шпекбаев сайланды. </span>
<span>Сонымен қатар, жиын барысында жаңа сайланған президент Алик Шпекбаев 27 елден келген федерация мүшелеріне ұсыныс білдірді. Ол бойынша федерацияның «Құрметті президенті» ретінде Досхан Жолжақсыновты, бірінші вице-президенті ретінде Бәделхан Камалханұлын сайлау ұсынылды. Көпшілік бұл ұсынысты да қолдады. </span>
<span>Сондай-ақ, федерацияның вице-президенті болып Грекиядан келген Пекос Феодорос пен қытайлық Соң Жиаңлиң сайланды.</span>