Қырғызбаев пен Сметов «Masters» турнирінде жүлдесіз қалды
Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік «Masters» турнирінде қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа жүлде бұйырмады, деп жазады Prosports.kz.
<span>Жартылай финалда жеңіліп, кіші финалда белдескен қос балуанымыз да жеңіске жете алмады.</span>
<span>Елдос Сметов (60 келі) ресейлік дзюдошы Роберт Швидабадзеге есе жіберді. Ал Ғұсман Қырғыбаев (60 келі) Шарафоддин Лутфиллаевтан (Өзбекстан) жеңілді. Осылайша, қос балуан да бесінші орынға табан тіреді.</span>
<span>Турнирдің қорытындысында, екі дзюдошының олимпиадалық рейтингісіне 648 ұпай қосылды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или