Қазақ күресі

Роман Бобиков: Әлем чемпионатына тек жеңіс үшін барамын

Роман Бобиков: Әлем чемпионатына тек жеңіс үшін барамын
news-banner7
mobile-news-top

Жуырда «Әлем Барысы-2019» жеңімпазы атанып, екі дүркін чемпион Айбек Нұғымаровты жеңіп алған ресейлік Роман Бобиков Ақтөбеде 15-16 желтоқсанда өтетін Qazaq Kuresi әлем чемпионатына қатысатынын растады.

«Биыл мен қазақ күресіне өте мұқият дайындалдым. Маусым айынан бастап жаттығуларға белсенді кірістім, қарсыластарымды зерттедім, олардың жекпе-жегін бақылап, әр спортшының өзіндік техникасын білдім де, соған сәйкес өзімнің тактикамды жасадым. Бұл маған «Әлем Барысы-2019» финалында жеңімпаз атануға көмектесті. Ендігі Qazaq Kuresi әлем чемпионатында да көмектеседі деп сенемін»,–дейді Роман Бобиков.

Ресейлік спортшы +100 салмақта және абсолютті салмақта белдесетін болады. Романның айтуынша: «Қазақша күрес - бұл өте ыңғайлы спорт түрі, мұнда сіз өзіңіздің бар мүмкіндігіңізді - физикалық күшіңізді қолдана аласыз. Сонымен қатар, оның жарақат алу қаупі жағынан аз болғаны маған ұнайды».

Qazaq Kuresi бүкіл әлемде дамып келеді. Бүгінгі таңда федерация құрамында 29 ел бар. Әлем чемпионатына алғаш рет Корея, Франция, Ауғанстан және Испанияс ияқты елдер қатысады. Осылайша, Халықаралық Qazaq Kuresi федерациясы өзінің географиясын кеңейтуде.

«Ресейде көптеген спортшылар осы спорт түріне қызығушылық танытуда. Әлем чемпионатына әр салмақ категориясында тек бір ғана балуанның келуі өкінішті. Біздің құрамада дзюдо және самбо чемпиондары бар. Қазір біз күнделікті таңертеңнен кешке дейінқ арқынды жаттығу жүргізіп жатырмыз. Мен,тіпті, "Әлем барысы" ұтысын жұмсап үлгермедім», – дейді чемпион.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласында өтетін Qazaq Kuresi әлем чемпионатына 40-тан астам елдің спортшылары қатысады. Чемпионатта 8шетелдік және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер