Әлемдік "Masters" турниріне Қазақстан құрамасынан 9 дзюдошы қатысады

Әлемдік "Masters" турниріне Қазақстан құрамасынан 9 дзюдошы қатысады

<span>12-14 желтоқсан күні Циндаода (ҚХР) дзюдодан әлемдік "Masters" турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span>

Жылдың қорытынды жарысына әлемнің 67 елінен 448 татами шебері қатысады деп жоспарланған. 

<span>Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздарына әлем рейтингінде 1800 ұпай, күміс жүлдегерге – 1260 ұпай, ал қола жүлдегерге – 900 ұпайдан қосылады.</span>

Аталған жарыста Қазақстан намысын 9 дзюдошы қорғайды. Олар:

Елдос Сметов (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

Елдос Жұмақанов (66 кг)

Ерлан Серікжанов (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Дидар Хамза (81 кг)

Ислам Бозбаев (90 кг)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

Севара Нишанбаева (57 кг)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или