Артем Резников келесі жекпе-жегін қашан өткізеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Артем Резников (20-6) келесі көктемде сегізбұрышқа оралады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Alash Pride FC клубының баспасөз қызметі хабарлады. Бірақ жекпе-жектің нақты өтетін күні мен орны, сондай-ақ қарсыласы қазірше белгісіз.
Мүмкін Резников ACA ұйымының Қазақстандағы турнирінде өнер көрсететін шығар. Өйткені ресейлік компания келесі жылы елімізде жекпе-жек кешін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Резников 4 қазанда ACA ұйымындағы дебюттік жекпе жегінде ресейлік файтер Хасан Халиевті бірінші раундта жеңген болатын.
Резников: Раисовпен ертең-ақ жұдырықтасуға дайынмын