«Екі Патша». DAZN Головкин мен Роналдудың кездесуіне қатысты пікір білдірді

DAZN стримингтік қызметі Геннадия Головкин мен Криштиану Роналдудың кездесуі жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.
Геннадий DAZN қызметімен бірлескен жоба әзірлеу үшін Туринге ұшып барып, Роналдумен жүздесті. Головкин Криштиануға өзінің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйласа, футболшы да футбол жейдесіне қолын қойып Головкинге сыйға тартты.
DAZN қызметінің Twitter желісіндегі парақшасында екі спортшының суреті жарияланып, «Екі Патша» деген жазба пайда болса, DAZN Global: «Екі ғаламат спортшымен қызықты уақыт өткіздік» деп жазды.
Had a great time seeing my friend @Cristiano today! There's something exciting in the works with @daznglobal – can’t wait for everyone to see. pic.twitter.com/zNSEu2jJTt
— Gennadiy Golovkin (@GGGBoxing) 4 декабря 2019 г.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или