Грек-рим күресі

Жақсылық Үшкемпіров: Мен жастарға сенемін

Жақсылық Үшкемпіров: Мен жастарға сенемін
news-banner7
mobile-news-top

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен чемпион атанған Жақсылық Үшкемпіров Prosports.kz сайтына берген сұқбатында 2019 жылды қорытындылап, спортшыларымызға ақ тілегін айтты.

– Бокстан әлем чемпионымыз бар. Күрестен жүлдегерлер қатарынан көріндік. Спорттың басқа түрлерінен де көрсеткіштеріміз жаман емес. Дегенмен Олимпиада ойынына жолдама саны әлі де аз болып тұр. Сондықтан да біздің жігіттеріміз халықаралық жарыстарда өздерін көрсетіп, төртжылдықтың басты додасына дайындалу қажет. Үкімет тарапынан жақсы жағдай жасалып жатыр. Қаншама спорт кешендері салынды. Барлық нәтиже спортшылар мен жаттықтырушыларға байланысты.

Олимпиада мынау чемпион болып, жүлдегер болады деп айта алмаймын. Барлық спортшыларымызға тек ақ жол тілеймін. Бүкіл қазақ елі алтын медальді күтіп отыр.

Бәрі жастардың өз қолында. Олимпиадада сәтті өнер көрсету үшін жатпай-талмай еңбектену керек. Ел үшін, Отан үшін еш аянбай бағын сынау қажет.

Мен жастарға сенемін. Барлығы да келесі жылы өзіміз секілді Олимпиада чемпионы атанып, көк туымызды желбіретсін. Қазақ елінің кім екенін танытсын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер