Қазақ күресі

«Әлем барысы» халықаралық турнирі тікелей эфирден көрсетіледі

news-banner7
mobile-news-top

2 желтоқсан күні Алматыда «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қазақ күресінен түйе палуандар арасында «Әлем барысы» турнирі өтеді.

Халықаралық палуандар жарысын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

IV Әлем чемпионатына 30 елден келген 33 палуан қатысады. «Әлем барысы» атағы үшін АҚШ, Австралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қырғызстан, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония елдерінің және Қазақстанның атақты палуандары бақ сынайды.

Байрақты бәсекеде ел намысын Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов, Мақсат Исағабылов және Нұрдаулет Жарылғапов қорғайды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер