Қазақ күресінен әлем чемпионатына 40 елдің палуандары қатысады

2019 жылдың 15-16 желтоқсан аралығында Qazaq Kurеsi-нен Әлем чемпионаты өтеді. Спорттық іс-шараны Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және т.б. бар.
Палуандар 8 салмақ дәрежесінде белдесетін болады.
Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.
Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды.
Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы - Мырзабосынов Ербол тағайындалды.
Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшылар марапатталады.