Грек-рим күресі

Қазақстандық палуан Еуразия турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық палуан Еуразия турнирінің қола жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ақмолалық палуан Еуразия турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Алматыда Олимпиада, екі дүркін әлем чемпионы, КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері Шәміл Серіковтің құрметіне арналған жастар арасында грек-рим күресінен Еуразия турнирі өтті. Байрақты жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикасынан келген 350-ге жуық спортшы қатысты.

«Кілең мықты палуандар арасында 67 келі салмақта боз кілемге шыққан Жақсы ауданының спортшысы Қаратай Темірлан қола жүлдегер атанды. Темірланның жаттықтырушылары Артема Савицкий мен Юрия Мельниченконың айтуынша, жерлесіміз төрт белдесуде жеңіске жеткен», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер