Grand Slam турнирі қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз аяқталды
Бүгін Жапонияның Осака қаласында дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
90 келі салмақта бақ сынаған Ерсұлтан Мұзапаров бірінші белдесуінде нидерландтық Ноель Ванд Енттен ұтылды.
100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Серікбаев үшінші айналымда жапониялық спортшыға есе жіберді. Алғашқы екі кезеңде Айбек Қытайлық Тайпей және Венгрия балуандарын жеңген болатын.
Ал аса ауыр салмақта белдеске Ерасыл Қажыбаев бірінші айналымда моңғолиялық спортшы әрі Олимпиада чемпионы Тувшинбаяр Найданнан ұтылды.
Қыздар арасында сынға түскен Зарина Райфова жапониялық Изуми Маоға есе жіберді. Осылайша, дзюдодан Қазақстан командасы Осакадағы турнирде жүлдесіз қалып отыр.
Қазақстан сапынан ең үздік нәтиже тіркеген - 73 келідегі Жансай Смағұлов. Ол жарысты жетінші орынмен аяқтады.