Жансай Смағұлов Grand Slam жарысында жүлдесіз қалды

Жансай Смағұлов Grand Slam жарысында жүлдесіз қалды

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Осакада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жұбаныш белдесуінде тәжікстандық балуанға есе жіберіп, жарысты 7-ші орынмен аяқтады.

Ширек финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, 3 белдесу өткізді. Жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда отандасымызды жапониялық Кенши Харада тоқтатты.

Жансайдан бөлек, бүгін татамиге Қазақстан құрамасынан Жанболат Бағытбергенов (-73 кг) пен Руслан Мұсаев (-81 кг) шыққан болатын. Олар алғашқы айналымда қарсыластарынан жеңілді.

Айта кетейік, Жапонияның Осака қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр. 24 қарашаға дейін созылатын додаға ел құрамасынан 10 дзюдошы қатысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или